Конституция

Жұма, 03 шiлде, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Елімізде тіркелген электромобильдер саны 24 мыңнан асты

03.07.2026

46 0

Фото: freepik

Биылғы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Стат бюроның мәліметінше, бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын.

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі — 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.

Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында — 78 бірлік және Ұлытау облысында — 41 бірлік тіркелді.

Айта кетейік, биыл электромобильдердің әлемдегі үлесі 30%-ға жетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: