Жұма, 03 мамыр, 13:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Енді еліміздегі пойыздарда тәртіп бұзылған кезде фото және видеоға түсіруге болады

19.07.2023

363 0

Бұдан былай Қазақстанда пойыздардағы қауіпсіздік бұзылған кез келген жағдайды фото және видеоға түсіруге болады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

«Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ басшылығының теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және бейнетіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жоюға қол жеткізді», – делінген ресми хабарламада. Ведомство мәліметінше, бұл шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Яғни, аталған тармаққа сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Бас көлік прокуратурасының атап өтуінше, мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатқан. Сонымен қатар бұл шектеу әр түрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді. «Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды», – дейді көлік прокуратурасының өкілдері.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: