Жұма, 17 мамыр, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Енді қайтыс болғандардың ағзасы туыстарының рұқсатынсыз алынуы мүмкін

16.01.2024

333 0

Қазақстанда донорлық туралы заңды өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде донорлық ағзаға мұқтаж мыңдаған жан шетелден келетін ағза трансплантациясына ғана үміттенеді. Себебі ол елдерде қайтыс болған адамдардың мүшесін алу үшін туыстарының рұқсаты талап етілмейді.

“Дәрігерлер қордан ақша алғанша, заңды елімізде донорлық дамитындай етіп өзгерту керек дейді. Тиісті конференция өткізілді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірге үкіметті де, қоғамды да трансплантация және мәйіт донорлығы туралы заңды өзгертуге шақыру мақсатында осы конференцияға қатыстық”, – деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Шетелдегі органдарды сатып алу туралы өтініштерді «Қазақстан халқына» қоры қабылдайды. Бұл өте қымбат болғандықтан, көптің қалтасы көтермейді.

Елімізде қайтыс болған азаматтардың ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алуға заң рұқсат етсе, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалар еді. Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық адам органға мұқтаж, оның 90-ы бала. Халықтың басым бөлігі бұған қарсы болғандықтан, көбі кезекке жетпей, көз жұмады.

Бұған дейін Қазақстандықтар көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң оның органы автоматты түрде алынуы мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар елімізде жүрек донорын күткен науқастардың 70%-ы кезегі жетпей өмірден өтеді екен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: