сурет ашық дереккөзден
«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Үкіметінің қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған қаулы жобасында депозиторға (салымшыға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша қолданыста болған өтелетін депозиттегі ақша сомасына әрбір қатысушы банкте 20 000 000 (жиырма миллион) теңге шегінде жүзеге асырылатындығы көрсетілген.
Депозиторда (салымшыда) бір қатысушы банкте біреуден артық өтелетін депозит болған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу осындай қатысушы банктегі өтелетін депозиттерде 20 000 000 (жиырма миллион) теңге шегіндегі жалпы ақша сомасына жүзеге асырылады.
«Өтемақы (сыйлықақы) төлеу депозитордың (салымшының) қайтыс болуын қоспағанда, өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу қағидаларының осы тармағына сәйкес өз келісімін растаған депозиторларға (салымшыларға) 2023 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей өтініш арқылы жүзеге асырылады. Депозитор (салымшының) қайтыс болған жағдайда, 2023 жылғы 10 ақпанға дейін растайтын құжаттарды (қайтыс болу туралы куәлікті) ұсынған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу үшін өтініш беру талап етілмейді», – делінген қаулы жобасында.
Жоба 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!