Конституция

Дүйсенбі, 06 шiлде, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанның үздік 10 шебері «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасына қатысады

06.07.2026

35 0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры дәстүрлі қолөнерді сақтау, жаңғырту және жас ұрпаққа үйретуге бағытталған «Ұлттық қолөнер мектебі» республикалық жобасының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ашық конкурсқа Қазақстанның барлық өңірінің қолөнер шеберлерінен 330 өтінім келіп түсті. Техникалық сараптамадан өтіп, қайталанған өтінімдер алынып тасталғаннан кейін конкурстық комиссия 271 өтінімді қарады.

Іріктеу қорытындысы бойынша үздік 10 шебер анықталды. Олар жуырда Астанадағы Qazaq Creative Hub базасында білім беру бағдарламасын бастайды. Шеберлер 8-20 жас аралығындағы балалар мен жастарға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретеді.

Жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Ең көп өтінім оңтүстік өңірлерден түсіп, олардың саны 137-ге жетті. Бұл жалпы өтінімдердің 51 пайызын құрайды.

Бағыттар бойынша дәстүрлі тоқыма өнері мен киіз басу ісі көш бастады. Аталмыш бағытқа 121 өтінім (44,6%) түсті. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер мен этнодекорға – 42 өтінім (15,5%), ұлттық киімдер мен аксессуарлар әзірлеуге – 31 өтінім (11,4%), зергерлік өнерге 20 өтінім (7,4%) түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: