Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бас қаламыз – Тәуелсіздігіміздің, жасампаздық пен жаңашылдыққа ұмтылыстың жарқын үлгісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін» деген болатын.
Астана санаулы жылда ерекше сәулетімен, даму қарқынымен мегаполистер қатарына қосылды.
Халықаралық саммиттер, ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар, саяси кездесулер шаһар атын әлемге танытты. Онда Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағытын айқындайтын, бірлігін нығайтып, тұрақтылығын бекемдейтін тарихи шешімдер қабылдануда. Еліміздің жылнамасына жазылған елеулі оқиғалар да Елордамен тығыз байланысты.
Бүгінде бас қаламыз – ғылым мен білімнің, тың жобалар мен жаңа мүмкіндіктердің орталығы. Зәулім ғимараттар, саялы саябақтар, мәдени нысандар, заманауи тұрғын үйлер ел игілігіне қызмет етіп келеді.
Алдағы уақытта да ару қаламыз көркейе берсін!
Астана күні құтты болсын!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
