Партия алаңында облыстық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Балжан Шәменова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым және тұрғын үй мәселелері көтерілді.
Атап айтқанда, «Рисмаш» мөлтек ауданындағы К.Нұрекешов көшесіне электр желісі мен ауыз су құбырын тарту мәселесі сөз болды. Тұрғындардың айтуынша, аталған көшеде 30-40 отбасы тұрады.
Сонымен қатар, О.Жандосов көшесіндегі №25 үй тұрғындары екі қабатты тұрғын үйдің апатты жағдайда екенін айтып, мәселенің шешілуіне ықпал етуді сұрады.
Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Инфрақұрылым мәселесіне байланысты бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетіні айтылды. Ал апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесіне қатысты қазіргі таңда заңнамалық өзгерістер күтіліп отырғаны түсіндірілді.
Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
