Дүйсенбі, 24 маусым, 14:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Гүл дүкенінде болған атышулы оқиға: «қаһармандарының» бірі мемлекеттік қызметтен кетті

16.08.2023

367 0

Шымкент гүл дүкенінде болған атышулы оқиғаның екінші қатысушысы – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды берген арызының негізінде жұмыстан босатылды. Бұл туралы Otyrar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік қызмет істері департаменті хабарлады.

«Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына, қажет болған жағдайда тағайындалған тәртіптік жазаның қызметтік тексеруге сәйкестігін зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды. Алайда қазіргі уақытта Д. Елқонды өтініші негізінде қызметінен босатылды. Оның мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешбір кедергі болған жоқ», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте гүл шоғын ұрлап, сатушыны итерген ер адамның экс-полицей екені анықталғаны, Гүл дүкенінде дау шығарған полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталғаны және экс-полицейдің жанында болған шенеунік қатаң сөгіс алғаны туралы жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: