Сенбі, 18 мамыр, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Халық депозиттерде 17 трлн теңге ұстап отыр

22.07.2023

384 0

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан банктерінде халықтың 17 трлн теңге депозиті сақтаулы. Бұл деректі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әділ Өтембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда халықтың банк депозиттеріне деген сенімі жоғары деңгейде деп айтуға болады. Бұған мынандай статистика дәлел бола алады. Кейінгі 4 жылда халықтың депозиті 2 еседен астам ұлғайып, екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелеріндегі үлесі 44%-ға жетті. Алайда, халық депозиттерінің көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 17 трлн теңгеден асса да, әлі де ақшасын «жастығының астына басып отырғанғандар» бар

, – дейді ол.

Әділ Өтембаев елдегі банктер халықтың аталған санатымен жұмыс істей түсуі керек деп есептейді.

«Банктерде ақшалай қор жинау жағдайы көп жағдайда халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімінің арқасында қалыптасты деп айтуға болады», – дейді қордың басшысы.

Бұған дейін ол лицензиясынан айырылған банктер депозит ақшасын қалай қайтаратынын айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: