Бейсенбі, 09 мамыр, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ірі көлемде пара алған экс-судья сот алдында жауап берді

18.08.2023

328 0

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Асқар Дарбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Оған пара алды, ал жеке кәсіпкерге медиация жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот алқасының төрағасы сот залына қолына кісен салынған күйінде келді. Бірақ суретке түсіруге тыйым салды. Тек алдын ала тыңдау өтті: тараптар өз өтініштерін айтты. 

Естеріңізге салайық, осыдан бір жыл бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Қостанай қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік департаментінің өзара іс-қимылының нәтижесінде судья ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Қаржы көлемі 40 мың долларды құрайды. Қорғаушы тарап істі прокурорға қайтаруды және бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге өзгертуді сұрады. 

Асқар Дарбаев пен оның қорғаушысының сөзінде облыстық соттың бұрынғы төрағасы Анатолий Смолин мен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босатылған Игорь Дудиннің есімдері айтылды.

«Қылмыстық іс бойынша  Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелмей, судья Дарбаевқа қатысты тергеуді бастау заңсыз. Дарбаевтың Қостанай облыстық сотының төрағасы Смолинмен Корнеевтен пара алу туралы сөз байласу фактісі тек соңғысының өтінішіне негізделеді, ештеңе расталған жоқ», – деді заңгер Қуандық Мұхамедияров. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: