Дүйсенбі, 07 қазан, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Карантинді толығымен қай кезде алып тастайды – бас санитар дәрігер жауап берді

01.02.2021

8055 0

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов карантинді толығымен қай кезде алып тастау мүмкін болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Егер біз халықтың вирусқа қарсы иммунитетін 50 процентке дейін жеткізсек, онда біз бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз. Сонда шектеу шаралары да, карантин де, локдаун да болмайды. Меніңше, бұл вакциналауды ең ұтымды тұсы болады», – деді Қиясов журналистерге берген сұқбатында.

«Иә, бастапқыда адамдар вакцина салуға асықпайды. Дегенмен, екпе алатындардың саны көбейген сайын халық вакцинада ешқандай қауіп жоқ екенін түсінеді. Сондықтан сұраныс артады «,- деп атап көрсетті Қиясов.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші вице-министр Марат Шорановтың ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 70-80 проценті екпе алуы керек деген. Алдын ала болжам бойынша ондай көрсеткішке тамыз-қыркүйек айында жетуге болады. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, ұжымдық иммунитетті 50-60 процентке жеткізу үшін 10 миллион адамға вакцина салу қажет.

Жаппай вакцинация басталды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Бүгін бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният алғашқы болып ресейлік «Спутник V» вакцинасы салғызды. Енді, вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​зауытында шығарылған «Спутник V» препараты вакцинация үшін пайдаланыла бастайды. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр. 

Жалпы, жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: