Кезекті профилактикалық семинар-кеңес облыстық экономика және басқармасында өтті.
Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Сәкен Жұмаев, облыстық экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жиында Бағдат Әбдіқадыр ҚР мемлекеттік қызметі туралы жаңа заңының әдептілік стандарттарын түсіндірді. Қолданыстағы Әдеп кодексінің әріптестермен қызметтік қарым-қатынас кезіндегі және жұмыстан тыс уақыттағы әдептілік нормаларын туралы ақпарат берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасаған Сәкен Жұмаев, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлық қарсы шектеулерді сақтамау мемлекеттік қызметті тоқтатуға алып келетінін айтты. Сондай-ақ, жаңа мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларына түсіндірмелер берді.
Семинар-кеңес барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын және әкімшілік сыбайлас жемқорлық баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасаған жағдайдағы жауаптылықтары түсіндірілді.
Іс-шара соңында басқарма қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, өзекті сауалдар талқыланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
