Жексенбі, 05 мамыр, 05:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Киіз үйде тұрып жатырмыз»: Мемлекеттік бағдарламамен баспана алған тұрғындар жанайқайын айтты

14.07.2023

448 0

Абай облысында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің төбесінен су сорғалап, едені отыруда. Тұрғындар үш жыл бұрын алған үйінің сапасыз салынғанын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көкпекті тұрғындары мемлекеттің бағдарламамен қол жеткізген баспанасының ішкі құрылысы сапасыз жүргізілгенін айтуда. Олардың сөзінше, сыртқы есіктері мен бөлмелерді бөлген қабырға босап, түсіп қалудың алдында тұр. Ал аудан әкімдігі қос пәтерлі жиырма үйдің құрылысын жүргізген мердігер кемшілікті қалпына келтіруге міндеттелгенін айтты. Аталған үйлердің бірінен пәтер алған көпбалалы ана Динара Қалкенова ауласына киіз үй тігіп, соны паналауға мәжбүр. Айтуынша, сапасыз салынған пәтерінде қыста да, жазда да тұру мүмкін емес. «Киіз үйде тұрып жатырмыз. Арасында қалтамнан ақша шығарып, қонақүйде түнеймін. Дүние- мүмкімнің барлығы далада жатыр. Үйімнің едені опырылып, сыртқы есігім құлап тұр», – дейді Динара Қалкенова.

Әлеуметтік осал топқа арналған баспананың құрылысы 2020 жылы басталған. Қос пәтерлік жиырма үйді салуға 635 млн теңге жұмсалған. Ал құрылысты өскемендік компания жүргізген. Мердігер 20 үйді небәрі бір жылда бітірген. «Мына үйлерде сапа жоқ. Төбесі жұп-жұқа. Есіктер көбікпен ғана отырғызылған. Оның үстіне едендері опырылып жатыр. Пеш деген мүлдем. Далада домалап жатыр. Сапа жоқ», – дейді Көкпекті тұрғыны Гүлнұр Қиынбаева.

Ал үйлерді қабылдап алған аудан әкімі басқа қызметке ауысып кеткен. Ауданның қазіргі басшылығы үйлердің сапасында кемшілік барын жоққа шығармайды. «Бүгінгі таңда осы 11 үйдің ішінде еден отырған. Ал үйді салған мердігердің үш жыл кепілдік мерзімі бар. Оларды шақырдық. Қазіргі кезде бес үйді жасады. Енді алтыншы үйді жасап жатыр», – дейді Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин. Айта кетейік, құрылысты жүргізген серіктестік баспаналардағы кемшілікті қыркүйек айына дейін жоюы тиіс. Содан кейін аудандық әкімдік тұрғындармен келісімшартты қайта жасамақ ниетте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: