Сенбі, 04 мамыр, 05:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кинотеатрда «шприцтер мен дәрі тамызғыштар» шашылып жатыр

21.07.2023

218 0

Желіде Алматыдағы Chaplin Cinemas кинотеатрында жерде шприцтер мен дәрі тамызғыштардың шашылып жатқан бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Инелердің ашық жатқан алматлықтардың үрейін туғызды. Себебі мұны көпшілігі есірткіге тәуелділер қолданып, тастап кеткен деп топшылаған. Алайда бұған әкімшілік бірден түсініктеме беріп, мүлдем олай емес екенін түсіндірді.

“4DX арнайы эффектісі бар 15 кинозалында қызметкер орындықтардың астындағы «жаңбыр» арнайы эффекттер жүйесіне техникалық қызмет көрсеткен. Арнайы эффект жүйесіне су пластикалық түтіктер арқылы беріледі. Өкінішке қарай, қызметкер қалдықтарды алып, жинап қоюды ұмытып кеткен. 21 шілдеде Алматы қаласы ІІД қызметкерлері кинотеатрға келіп, бейнебақылау камераларынын тексерді, құқықбұзушылықтар табылған жоқ”, – деп мәлімдеді Mega Center әкімшілігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: