Дүйсенбі, 13 мамыр, 04:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Көпқабатты үйдің маңынан жасөспірімнің денесі табылды

11.10.2023

467 0

Ақтауда көпқабатты үйдің маңынан қыз өлі табылған. Қайғылы оқиға 10 қазанда кешке 17-шағынауданда болған, – деп хабарлайды Massaget.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен жедел тергеу тобы барды. Мәліметтер нақтыланып жатыр.

Полицияның мәліметінше, 10 қазанда сағат 19:00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түскен.

Оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: