Жексенбі, 28 сәуiр, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Лотерея билетін алып, 46 миллион теңге ұтып алды

28.07.2023

296 0

Алматылық Хаким Бобоев бір жылдан бері «Сәтті Жұлдыз» ұтыстарына қатысып жүрген. Лотерея сайтынан әр билетті сатып алғанда ол бонус жинап отырған. Дәл сол жинақ бонустарына сатып алған билет оған үлкен табыс әкелді. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Хаким Бобоев шамамен 20 жыл бұрын Қазақстанға Тәжікстаннан көшіп келген. Қазір Алматыда жеке компанияда жұмыс істейді. Бір жыл бұрын жеңімпаздардың әңгімесінен шабыт алып, «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясына билет ала бастаған.

«Әдетте мен «LOTO 6/49» және «5/36″ лотереяларына билет аламын. Билет алу үшін өз қорымнан 10 000 теңге бөліп отырамын. Әйтеуір бір күні жеңетініме сендім. Тек тұрақты түрде билет алу керек болды», – деп баяндады Хаким.

Хаким алдыңғы аптада 20 шілдеде болатын ұтысқа қатысуға шешім қабылдап, 12 билет сатып алған. Қорытындысын тексерген кезде өзінің 42 мың теңге ұтып алғанын білген.

Ол мұны жеңіс жолының басы деп біліп, «Сәтті Жұлдыздың» келесі ойынына да билет алуды жөн көрген. Дәл сол кезде 21 шілдеге «5/36» лотереясы жоспарланған болатын.

Сөйтіп Хаким тағы 12 билет алады. Сайттағы өзінің жеке кабинетіне кіріп, бонусқа тағы бір билет ала алатынын көрген. 

«Жеке кабинетімде 600 бонус жиналғанын көрдім. Тағы билет алғаным жөн деп ойладым. Дәл сол билет маған 46 миллион теңге алып келді», – деп бөлісті Хаким.

Өзінің ұтысы туралы Хаким бірінші болып інісіне айтып, сүйінші сұраған. Бахром Бобоев ағасының лотереяға қатысып жүргенін нақты білмеген, «бәлкім, лотереяда бақ сынап жүрген болар» деп ойлаған.

«Телефонға кіріп, бірнәрсені тексеріп отырады. Сол кезде, бәлкім лотереяға қатысып жүрген болар деп ойладым. Ағам хабарласып 46 миллион ұтып алғанын айтқанда, оны сабырға шақыруға тырыстым. Оған қолдау көрсеттім, бірақ қуануға әлі ерте екенін де айттым. Өзім бұндай ұтыстар туралы жаңалықтарға онша сене бермейтінмін. Бірақ ағамның ұтысы бәрінің шын екенін, кез келген адамға сәттілік серік болуы мүмкін екенін көрсетті», – дейді Бахром.

Інісімен сөйлескеннен кейін Хаким қуанышты жаңалықты жұбайына және өзге туыстарына айтқан. Оның айтуынша, отбасы оның бұндай үлкен жүлде ұтып алғанын білгенде қуаныштан көз жасына ерік берген.

Енді ол 46 миллион теңгені қайда жұмсайтынын шешуі қажет. Себебі мұндай ақша оның өмірін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Хаким Бобоевтің сөзінше, оның отбасының жеке баспанасы жоқ. Сондықтан ұтысты осы арманын орындауға жұмсамақ. «5/36» лотерея билеті арқасында Хаким енді баспаналы болады. 

«Барлық адамдарды күмәнді ысырып, ұтыс ойынына қатысуға шақырамын. Кез келген адам жеңіске жете алады. Тек қатысып көру қажет», – дейді жеңімпаз.

«LOTO 6/49» тиражды лотереясында су жаңа HAVAL H6 автокөлігі тағы  ойнатылады. Ұтысы 30 тамыз күні «Сәтті Жұлдыз» YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді. 

Сонымен қатар қазақстандықтар «Мега Миллионер» лезді лотереясына қатыса алады. Бұл лотереяның лезді лотереялар арасындағы бас жүлдесі ең жоғары – 20 миллион теңге. 

Әрбір тіркелген билет «Екінші мүмкіндік» науқанына қосылып, аптасына бір рет болатын ұтысқа қатысып, миллион теңге ұтып алуы мүмкін. Ұтысқа тіркелу әр жексенбі Астана уақытымен сағат 23:59-да аяқталады.

Сәттілік әкелер билетіңізді алып, өміріңізге өзгеріс әкелетін 20 миллион теңгенің иесі атануға асығыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: