Дүйсенбі, 18 мамыр, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

18.05.2026

145 0

Фото: Қазалы ауданы

Халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылорда облысының Қазалы ауданында әсерлі әрі ерекше неке қию рәсімі өтті. 62 жастағы Амангелді мен 60 жастағы Сәрсенкүл Махамбетовтар өз қарым-қатынастарын заңды түрде рәсімдеді.

Ерлі-зайыптылар бұл күнді бекер таңдамағандарын айтты. Алты жыл бірге өмір сүрген олар отбасы мерекесі қарсаңында некелерін қиюды махаббаттың, сыйластық пен адалдықтың белгісі деп санаған.

«Біз өте бақыттымыз. Бұл – біз үшін ерекше күн. Ең бастысы – махаббат, өзара түсіністік және отбасының қолдауы», — деді жас жұбайлар.

Махамбетовтар отбасының оқиғасы махаббат пен бақытқа жастың шектеу болмайтынын, ал берік отбасының адам өміріндегі ең үлкен тірек екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 895 адам шаңырақ көтерген. Осы уақыт аралығында өңірде 4583 сәби дүниеге келген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: