Бейсенбі, 21 қараша, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Маңғыстауда жедел жәрдем мамандары наразылыққа шықты

16.08.2022

805 0

Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметі тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені қызметкерлер жалақы көтерілмесе, жұмысты тоқтатамыз деп наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем мамандары күні бойы халыққа қызмет көрсетсе де, алатын айлығы шайлығына жетпейтінін айтады. Одан бөлек ауырған халықтың үйіне көмекке баратын бригада көлемі толық емес деп отыр. Сол себепті екі есе жұмыс істеп, шақыртуларға үлгермей, қызмет сапасы төмендеп кеткенін жеткізді. 

Жұмысшылар негізінде бұйрық бойынша әрбір 10 мың халыққа 1 жедел жәрдем тобы тиесілі болса, қазіргі уақытта 1 бригада 20 мың тұрғынға қызмет көрсететінін айтады.

Бұған дейін жалақы дауын бірнеше рет көтерген бұл мамандардың мәселесін аймақтың денсаулық сақтау басқармасы шеше алмай келеді. Жедел жәрдемнің тәжірибелі қызметкерлерінің айтуынша қаражат проблемасына ешкім түйін қоя алмай отыр. 

“Фельдшерлер де, жүргізушілер де тәулік бойы жұмыс істейді. Соны ескеріп, жұмыс істеген сағатымызға қарай мардымды айлық  төленсе дейміз. Денсаулық сақтау басқармасынан, әкімдіктен келген өкілдер мен өзіміздің басшымыз өздеріңе тиісті ақшаны алып отырсыңдар дейді. Ал біз ол ақшаға қанағаттанбаймыз. Мысалы, мен  жоғары санатты, 12 жылдық тәжірибесі бар маманмын, үстеме жұмыспен алатын бір айлық ақым 260 мың теңге”, – дейді жедел жәрдем фельдшері Шынар Мұсаева.

Маңғыстауда жедел жәрдем мамандары наразылыққа шықты

Қызметкерлердің сөзіне сенсек, жедел жәрдем басшылары осы уақытқа дейін берілген 40 мың теңге үстеме ақы бұдан былай төленбейді депті. Одан бөлек, мамандар қосымша істелген жұмысқа берілетін қаражаттың мардымсыз екенін айтып отыр.

“8 ауысым үшін берілетін айлық 100 мың теңгеге де жетпейді. Үш айдан бері 96 мың теңге жалақы алып келеміз. Оның ішінде 40 мың теңге қосымша үстеме ақы еді, енді одан да айырылып қалайын тұрмыз. 70-90 мың теңге еңбекақымен мына заманда бала-шағаны қалай асыраймыз? Тамақ та, киім де бәрі қымбат. Сондықтан жоғарыдағы басшылар айлығымызды көтерсін”, – дейді жедел жәрдем санитары Нағима Сәлібекова.

Ал облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңір бойынша жедел жәрдемде 52 бригада болу керек дейді. Алайда жүргізушілердің денсаулығына қатысты демалыста болуына байланысты қазір 47 топ халыққа қызмет көрсетіп жатыр екен. Басқармадағылар фельдшерлер құрамы толық, дегенмен жүргізушілердің жетіспейді деп отыр.

“Мекеме өз тарапынан қаражаттың жетпеу, көлемді толықтай төлей алмау қаупі болған соң 40 мың теңге үстеме ақыны беруді тоқтатамыз деп ескерту жасаған. Бұл жүргізушілер мен фельдшерлерге қатысты. Біз 40 мың теңге үстеме ақыны әрі қарай жалғастырып төлеу туралы келісімге келдік”, – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Бұдан басқа Аманбек Жұмыров қосымша жұмыс істейтін мамандарға жалақының 1,5 есе көлеміндегі қаражатын заң шеңберінде төленіп жатқанын айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: