Құрылтай

Дүйсенбі, 13 шiлде, 15:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Маусымда қазақстандықтарға 269 мыңнан астам жеке куәлік пен паспорт берілді

13.07.2026

25 0

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

2026 жылдың маусым айында Қазақстанда азаматтарға 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік рәсімделді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, – деп хабарлайды KAZINFORM

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, жаздың алғашқы айы демалыс пен саяхат маусымының басталуына байланысты құжаттарды жаңартатын азаматтар санының артуымен ерекшеленеді.

– Тек 2026 жылдың маусым айында еліміз бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік берілді, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты мемлекеттік корпорация жаздың алғашқы айында құжаттарды ең көп рәсімдеген өңірлердің рейтингін жариялады.

Мамандар азаматтарға жеке куәлік немесе паспорттың қолданылу мерзімі аяқталуға жақындаса, құжаттарды соңғы күнге қалдырмай алдын ала рәсімдеуге кеңес береді.

– Жеке куәлік пен паспорт 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Қажет болған жағдайда ақылы жеделдетілген қызметті пайдалануға болады. Бұл қызмет аясында құжаттар өңірге байланысты 1-ден 7 күнге дейінгі мерзімде дайындалады, – деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

Айта кетейік, арнайы ХҚКО-да дайындалған құжаттарды енді үйге жеткізуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: