Жұма, 19 сәуiр, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

09.03.2023

555 0

 Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мұнай-газ және машина жасау өнеркәсібімен танысып, әлеуметтік-мәдени нысандарға барады деп жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады.

Компания – General Electric компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі.

photo

Зауыт аумағында «Baker Hughes General Electric Company» сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat себелеп суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.

photo
photo

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: