Сенбі, 18 мамыр, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Назарбаевқа қатысты тағы бір жарлыққа қол қойды

25.07.2023

339 0

Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

«Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – делінген жаңа құжатта.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін МКҚ-ден Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алып тастау туралы құжат қоғам талқылауына шығарылғаны туралы жазған болатынбыз. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: