«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» атты қан донорлығы науқанына Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері белсене қатысуда.
Қан орталығындағы өткен акцияда қызметкерлер қан тапсырып, өмірге мұқтаж жандарға үміт сыйлады. Донорлық – бір адамның өміріне үміт сыйлап, талай жанның сауығып кетуіне себеп болатын ізгі қадам. Бұл – адам өміріне бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершілік пен ізгіліктің жарқын көрінісі.
Қайырымдылық акциясы – ана мен бала денсаулығын қолдауға бағытталып, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға арналды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
