Сенбі, 27 сәуiр, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметкердің әдеп нормасы қатаң бақылауда

04.03.2024

459 0

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселері қатаң бақылауда.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысындағы Департаменттері мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Қызылорда өңіріндегі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кең бағытта жиын өтті.
Аталған жиынға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Мемлекеттік қызметі істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, сондай-ақ Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалы басшылары қатысты.
– Мемлекеттік қызмет пайда табу мен күн көрудің құралы деп қабылдаудан алде қайда биік түсінік. Ол – парыз, адамшылық борыш және халықтың сенімі. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – біздің жалпы міндетіміз. Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбалас жемқорлыққа және түрлі құқық бұзушылықтарға әкеп соғады, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Илхам Бақтыбайұлы. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу және оған қарсы тұру бойынша іс-қимылдар күшейтілген және заңнамалық өзгеріс енгізілген. Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көрінісіне, мемлекеттік қызметке кір келтіретін көзбояушылыққа жол бермеу керегін де баса айтты.
​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғалар тікелей мемлекеттің қорғауында болатынын, сонымен қатар жәрдем көрсеткен азаматтарды алғыс жариялау арқылы бір жолғы ақшалай сыйақы формасында көтермелеу қағидалары бекітілгенін атап өтті.
​Мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың шығысы мен кірісінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз баюы үшін 2027 жылдан бастап жауапкершілік жүктеледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жемқорлыққа бейім бағыттар айқындалып, оның ішінде «агроөнеркәсіп кешені» енгізілген. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және субсидияларды бөлу» мәселесіне қатысты мониторинг жариялаған.
​Әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нормаларын мінсіз сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті болып табылады.
Марина САҒИДАТБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: