Мемлекеттік қызметші күніне орай «Салауатты отбасы – мемлекеттің берік тірегі» атты отбасылық спорттық эстафета өтті.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен сайысқа мемлекеттік қызметшілердің отбасылары қатысты.
Жарыстың мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті арттыру.
Спорттық сайысқа 8 отбасылық команда қатысып, түрлі эстафеталық кезеңдер бойынша бақ сынады. Қатысушылар жылдамдық, ептілік, ұйымшылдық және командалық бірлікті көрсетті.
Шарада облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібай, облыстық мәслихат депутаты, «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ержан Искендер мерекемен құттықтады.
5 кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы бойынша:
1-орынды – Шиелі ауданынан Файзуллаевтар отбасы;
2-орынды – Қазалы ауданынан Аралбаевтар отбасы;
3-орынды – Жалағаш ауданынан Нұрсейітовтер және Арал ауданынан Сәдуақасовтар отбасылары иеленді.
Сондай-ақ, сайысқа белсенді қатысқаны үшін командаларға «Белсенді отбасы», «Көңілді отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Үздік отбасылық рух» номинациялары берілді.
Үздік нәтиже көрсеткен отбасылар I, II және III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, номинация иегерлеріне дипломдар және сыйлықтар табысталды.
Мемлекеттік қызметшілер күні аясында ұйымдастырылған бұл спорттық мереке қатысушыларға жағымды әсер сыйлап, отбасылық татулық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
