Жұма, 03 мамыр, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мүмкіндігі шектеулі жандарға әуе билетіне жеңілдік қарастырылады

23.07.2023

284 0

Қазақстандық лоукостер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (1 топ) және жанына еріп жүрген бір адамға Қазақстан бойынша әуе билетіне 50% жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев ерекше қажеттілігі бар адамдардың мәселесін жиі қозғап, оларға әуе билетіне жеңілдік қарастыру керек екенін депутаттық сауалдарында көтерген еді.

«Менің алғашқы депутаттық сауалымның бірі мүгедектігі бар жандарға әуе билетіне жеңілдіктің жоқтығы жайлы болды. Осы мәселе бойынша Парламент қабырғасында тақырыптық отырыс ұйымдастырдым. Оған мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты. Әуетасымалдаушылардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер жариялады»деп жазды Ерлан Әбдиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: