Бейсенбі, 02 мамыр, 03:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев отбасының жиынында өнер көрсеткен актер тағы бір шындықты бөлісті

30.11.2023

538 0

Сурет:  Stan.kz

Актер Дастан Қалдыбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық іс-шараларында жиі өнер көрсеткен. Сол кездегі “Казахи” КВН командасы экс-президенттің сүйікті әзілкеш тобы болған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актердың айтуынша, экс-президенттің немерелерінің үйлену тойында өнер көрсеткен.  

“Біз әр ойын сайын Ресей және Қазақстан президентінің кездесуі туралы міндетті түрде көрсететінбіз. Одан кейін ол кісінің отбасылық іс-шараларында да шақырту алдық. Мен оның санын білмеймін. Жыл сайын жаңа жылды баяғыда Алматыда әулетімен қарсы алатын. Біз міндетті түрде сол жердеміз. Одан бөлек, той-томалақ, туған күн, балаларының үйлену тойларында, бәрінде болдық. Әзілдерді жақсы қабылдайды. Бірақ әзілдерімізді редакциялағанда өзгерістер енгізгенін жасырмаймын. Президент апаратынан әзілдеріміз өзгертіліп келетін. Себебін түсіндірмейтін», – дейді актер.  

Сонымен қатар, актер Назарбаевтың саясаты мен қазіргі қоғам алдындағы беделі туралы ойын айтты. 

«Жасаған еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Себебі алғаш егемендік алғаннан кейін Қазақстаннң экономикасын 15 одақтас республикалардың ішінен құлдырап тұрған жерінен бірінші орынға дейін көтерді ғой. Халықтың жағдайы көтерілді. Оның бәрі еңбек. Жарайды, бір нәрсесі дұрыс болмай қалыпты, сол үшін мынаның бәрін өшіріп тастауға болмайды деп ойлаймын. Оның жіберген қателіктері жоқ емес, бар. Өте керемет болды десем өтірік болады. Жақсылығы да бар, жіберген қателігі де бар», – деп сөзін аяқтады әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: