Жұма, 22 мамыр, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Өңір дәрігерлері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

22.05.2026

40 0

Фото: Денсаулық Сақтау Басқармасы

Қызылорда облысының кәсіптік патолог дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КЕАҚ және Қазақ тағамтану академиясының ұйымдастыруымен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде өткiзiлген отандық денсаулық сақтау саласындағы ауқымды шара — «Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық сақтау: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен алдын алу» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып қайтты.

Конференция жұмысына әлемнің 8 елінен 50-ден астам ғалымдар мен мамандар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өкілдері қатысты. Сондай-ақ алқалы жиын жетекші сарапшылары, ғалымдар мен практик дәрігерлер басқосты.

Конференция еңбеккерлер денсаулығын сақтау, кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және оларды ерте анықтаудың заманауи стандарттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналды.
Отандық ғылым мен денсаулық сақтау саласының майталманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А.Мамырбаев бұл шара озық біліммен алмасу және жаңа серіктестік байланыстарды орнату үшін таптырмас алаңға айналғанын ерекше атап өтті.

Конференцияның мазмұнды бағдарламасы, халықаралық диалог пен өзекті баяндамалары қатысушылардың күнделікті іс-тәжірибесiне серпін берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: