Сейсенбі, 19 мамыр, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Өңірде интернет қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары күшейтілуде

15.05.2026

11 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда киберқауіпсіздік мәселесі өзекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Жукашев Естай , аталған департаменттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Тілеужан Ғалымжан, сонымен қатар, облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Манатов Мұратбек баяндады.


Жиында интернет-алаяқтық қылмыстарының пайда болу себептері мен оның алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

-Цифрлық технологиялардың дамуы халықтың өмірін жеңілдеткенімен, қылмыстың жаңа түрлерінің көбеюіне де әсер еткен. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернет платформалар тек байланыс құралы ғана емес, сауда-саттық жүргізілетін негізгі алаңдардың біріне айналған. Осы мүмкіндікті пайдаланған алаяқтар түрлі айла-тәсілдерге көшуде. Бүгінде SMS-код арқылы қорқытып несие рәсімдету, жалған инвестициялық ұсыныстар ұсыну, мессенджерлерде таныстарының атынан хабарлама жіберіп ақша сұрау, сондай-ақ онлайн сауда барысында алдын ала төлем жасатып алдау секілді интернет-алаяқтық түрлері жиі кездеседі,- деді Естай Толыбайұлы.

-Интернет-алаяқтық қылмыстарының ашылу деңгейі артқан. Ғаламтор кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында заңсыз белгілері бар көптеген сайттар мен сілтемелер анықталып, оларды бұғаттау жұмыстары қолға алынған. Ең бастысы – қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау. SMS-кодтарды ешкімге бермеу керек. Белгісіз адамдардың ұсынысымен түрлі қосымшаларды жүктеуге болмайды. Күмәнді қоңырау түскен жағдайда бірден байланысты үзіп, банктің ресми нөміріне хабарласқан жөн,- Ғалымжан Бауыржанұлы.

Сонымен қатар спикер киберқылмыстың кең таралған тәсілдері – жалған қоңыраулар, мессенджерлер мен фишингтік сайттар арқылы жасалатын алаяқтық схемалар жөнінде түсіндірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: