Сейсенбі, 19 мамыр, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Өңірде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстары күшейтілді

19.05.2026

47 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өткен жылу беру маусымы өңірде өрт қауіпсіздігі мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетті. Әсіресе тұрғын үй секторларында орын алған өрт оқиғалары қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қараудың қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін аңғартуда. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов жыл басынан бері облыс аумағында 178 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты. Салдарынан 8 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Өрттің негізгі себептері ретінде пештердің техникалық жағдайын уақытылы тексермеу, электр желілерін дұрыс пайдаланбау және балаларды қараусыз қалдыру фактілері аталды.

Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Полиция департаменті қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлескен профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында 700-ден астам оқушының қатысуымен 37 интерактивті және ашық сабақ ұйымдастырылып, 300-ден астам оқушыға өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар өткізілген.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырларында паналайтын тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың ашық отты пайдалануынан туындайтын қауіптердің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұдан бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында арнайы кездесу ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Мамандар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, улы газдан улану деректерінің алдын алу және өрт оқиғаларын азайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: