Сенбі, 21 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Орел и решка» Қазақстанға келіп, қыруар пайда тауып кетті» – Ақпараттың мән-жайы анықталды

04.02.2021

26785 0

Әлеуметтік желіде «Орел и решка» атты саяхат туралы танымал телебағдарлама жүргізушілері екі рет Қазақстанға келіп, ел өңірін ақшаға түсіргені жайлы дақпырт ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды zakon.kz.

«Орел и решка» телешоуы Қазақстанға Kazakh Tourism компаниясының ұсынысы бойынша келді және олардың есеп қағазына қарағанда, ол үшін талай ақша жұмсалған. Туризм комитетінің сайтында: «Орел и решка» телешоуының екі сериясын түсіру» «Алматы және Маңғыстау облыстарында» – Қазақстан туралы әлем кереметтері». 2020 жылға арналған шығыс есебінде егжей-тегжейлі цифр жоқ, бірақ осы жобаны жүзеге асыру мен цифрландырудың жалпы құны – 893 миллион теңге немесе 2 миллион доллардан асады деп көрсетілген, – деп хабарлайды «PROTENGE» Телеграмм-арнасы.

«Kazakh Tourism» АҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Kazakh Tourism» баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебековтың айтуынша, бұл телебағдарламаны түсіру үшін олардың тарапынан әкімшілік, ұйымдастырушылық қолдау көрсетілген, бірақ ақшалай емес.

«Орел и решка» шығарылымдары өз қаражаттарына түсірілді.

Жоғарыда аталған 800 миллион теңгеден астам сомаға келетін болсақ, Кенжебеков бұл компанияның бүкіл жыл ішіндегі жұмысының жалпы сомасы, оған түрлі іс-шаралар, жарнамалық шаралар, зерттеулер және т.б кіретінін айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: