Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Автожолдарды дамыту мәселелері талқыланды

29.11.2023

629 0

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет мәжілісінде автожол саласын, сауда биржаларын дамыту мәселелері қаралды.

Ведомство басшылары мен кейбір өңір әкімдері атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жайлы хабарлама жасады. Жиында қызылша ауруының күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды. Премьер-министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, аталған мәселелер бойынша негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі.

«Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 37,1 млрд. теңге бөлініп, 603 шақырым автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөнделуде. Бүгінгі күнге бөлінген қаржының 71 пайызы игерілген. Келесі жылға мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық бюджетке 53 млрд теңгенің 84 жобасы ұсынылды. Әзірге 14,3 млрд. теңгенің 31 жобасы қолдау тапты. Алдағы жылға межеленген индикаторлық көрсеткішті 90%-ға жеткізу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы тартуға салалық министрлікпен жұмыс жүргізу қажет», – деді аймақ басшысы.

Қала, аудан әкімдері мен жауапты мекеме басшылары облыста жол жөндеу және бюджеттен бөлінген қаражатты игеру барысын баяндады.

Жиын қорытындысымен Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне жол құрылысы жобаларына қаралған қаржыны жыл соңына дейін толық игеріп, автомобиль жолдары мен көшелерді салу, қайта жаңғырту, жөндеу, күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алу тапсырылды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Президент тапсырмасына сәйкес әзірленген сауда биржаларын дамыту жөніндегі заң жобасын облыстағы орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесе қарап, қажетті ұсыныстар енгізу міндеттелді. Мұнан бөлек, брокерлер мен клирингтік орталықтарды қаржы мониторингінің субъектісі санатына енгізу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс қаралған мәселе бойынша Нұрлыбек Машбекұлы жауапты сала басшыларына қызылшамен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: