Сенбі, 07 желтоқсан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Погондағылар «Балаларға балмұздақ» акциясын ұйымдастырды

01.06.2022

1352 0

1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында 1 маусым – Балаларды қорғау күні болып қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Міне, сол уақыттан бері жадыраған жаз айының алғашқы күнінде балаларға ерекше көңіл бөлініп, мереке тойланып келеді.

Осыған орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи «Балаларға балмұздақ» акциясын ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы»деп жариялады. « Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» – деп айтқандай, біз егеменді еліміздің ертеңгі жасампаз құрылысшылары болатын балаларға қамқорлық жасауымыз керек. Мерекеге орай, қызметкерлеріміздің қолдауымен оларға бақытты шақтың бал дәмін татқызып, тегін балмұздақ таратуды жөн көрдік. Сондықтан бүгін балалар көп жиналатын орталық балалар саябағына барып, жүз балмұздақ тараттық, – дейді РжКБ-нің бастығы, әділет майоры М.Жаңаберген

Осылайша ҚАЖ қызметкерлері жұмыстарының қауырттығына қарамастан, уақыт тауып, жылына бір келетін мерекеде балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Раушан Қуанқызы,

ЗК-169/1тергеу изоляторынң мемлекеттік тілде аудармашы маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: