Жұма, 17 мамыр, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Президент жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңі

07.09.2023

540 0

Бүгін партияның қалалық филиалының «Сәулет» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Басқосуда партияның қалалық филиалының депутаттық фракция мүшесі Раушан Ысқақова мен партияның қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі, «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Аралбаев Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындайтын маңызды міндеттерді саралады.
Оның ішінде ауылшаруашылығы мен әлеуметтік салаға қатысты мәселелерге баса назар аударылды.
Партияның қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі Марат Аралбаев: Қазірде су тапшылығы ғаламда қатты сезілуде. Мемлекет басшысы елімізде су тапшылығы орын алуы мүмкін екендігін жеткізді. Бұл мәселелер, өз кезегінде тіршілік көзін ретсіз, мақсатсыз пайдаланғанның салдарынан болып отыр. Одан бөлек АЭС салу мәселесінде де тиімді ұсынысын білдірді. Оны салу, салмауымыз алда өтетін жалпыхалықтық референдумда белгілі болады. Еліміз пайдалы қазбаға, уранға бай. Сондықтан, ресурстарды тиімді пайдаланғанымыз да дұрыс болар,-деді.
Ал депутаттық фракция мүшесі Раушан Ысқақова: Ұлттық қор балаларға жобасы қолға алынды. Алдымыздағы жылдан бастап балаларымыздың келешегі үшін балаларды есеп шоттарына қаржы салынады. Бұл біздің ұрпағымыз үшін қажет!
Ал енді өнім өндірдірушілерді қорғау, оларға жағдай жасау өндірістік жарақат алуын болдырмау үшін экологиялық аудит жасап тұру керектігін атады. Бұл дегеніміз біздің жұмысшыларымыздың сақтығы үшін қажет.
Сонымен қатар ауыл-аймақтарды дамыту үшін шаруашылықтарды біріктіру,дамыту керектігін атап айтты. «Ауыл аманты» бағдарламасы ел үшін қажет екендігін айқын көрсетті. Жеңілдетілдетілген несиені пайдалана отырып шаруашылықты біріктіру тиімді екендігіне тоқталды. Шарушылықтағы машина-тракторлардың тозығы жеткендігін, кезең-кезеңімен жаңартып отыру керектігі еліміз үшін маңызы зор,-деді өз баяндамасында.
Жиын соңында қатысушылар Президент жолдауына қатысты пікірлерін жеткізіп, жолдауда айтылған әрбір бастаманы қолдайтынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: