Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен профилактикалық семинар өтті.
Семинарға Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға теологы, PhD докторант Бақтияр Оспанов, денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жиында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі бағыттары мен жаңашылдықтары, әдептілік нормалары түсіндіріліп, кез-келген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзышылықтарға жол бермеу қажеттілігі ескертілді.
Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдар, олардың зардаптары және зайырлылық қағидаттары туралы жан-жақты мәлімет беріп, жат ағымдардан сақтану жолдары бойынша тұщымды ақпараттармен бөлісті.
Семинар соңында «Заң мен тәртіп» идеологемасының негізгі қағидаттарына тоқталып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттармен бөлісті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
