Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қай мамандық сұраныста болады?

05.11.2022

898 0

Қазақстанның жоғары оқу орындарына жаңа міндеттер қойылды. Отандық білім беру орындарында өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын тәрбиелеу, техникалық мамандарды дайындау қажеттілігі басты назарға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  бизнес өкілдерімен кездесуде «Қазір біз техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аударуымыз қажет» деп мәлімдегені белгілі.

Алдағы уақытта өзекті бола­тын мамандықтардың атауларын біліп отыру бүгінгі күнде өте маңызды. Себебі халықаралық дамуға сай еңбек нарығындағы жaғдай екпіндей ауысып оты­рады. Сондықтан да қазіргі за­манғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру аса маңыз­ды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды да­мы­тудың 2020-2025 жылдар­ға арналған мемлекеттік бағдарла­масына сай, Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұр­ғындардың қабілеттеріне ин­вестициялаушылар болашақтың табысты экономикасын іске асы­рушылар болатыны анық. Білімге жұмсалған инвестицияларды жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығын деп емес, эконо­микалық маңызды іс деп түсіну қажет.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша негізгі міндеттің бірі оқу орны елді индустриалды-инновациялық дамуының қа­жет­тіліктеріне сәй­кес келетін жоғары және жоғары­дан кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған қарап қазір ғана емес, болашақта да қажет етілетін ма­мандықтарды ескеріп, талдау қажеттігі туралы қорытынды шығаруға болады.

Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайын­дау, жастарға жан-жақты білім беру, теория мен практиканы ұштастыра білу мен техникалық, кәсіптік маман даярлауға басым­дық берілуде. Жастар тек білім алып қана қоймай, білік­ті де тәжірибелі маман болу үшін өздеріне артылған жауап­кершілікті ақтай білгендері жөн.

Инженерлі-технологиялық ма­ман даярлауды аймақтағы оқу орын­дары да жүзеге асыратынын ұмытпау керек. Бұл қатарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бар екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Мамандардың болжамы бойынша алдағы уақытта өнер­кәсіптік өндіріске байланысты инженерлік мамандықтар жоға­ры беделге ие болады. Бүгінгі күн­де ең қажет мамандар қата­рында инженерлер, химик-тех­нологтар, технологиялық ма­ши­налар мен техникаларды жаб­дықтаушылар, кен орындарын іздеу және барлау, мұнай және газ саласының, өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрастыру саласы, тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту саласының мамандары тұрады.

Химиялық инженерия сала­сының мамандары энергетика саласында ерекше қажеттілікке ие. Энергияның баламалы көздері болашақта аса қажет болады деп болжануда. Химияның инновация мен болашақтың ғылымы ретін­дегі мәнін ешқашан да жоймай­тыны анық. Бұдан кейінгі жақын болашақтың біршама талап етілетін мамандықтары нано­тех­­нологиялармен байла­ныс­ты. Нанотехнология – моле­кула­лармен және атомдармен жұмысқа негізделген технология. Бұл – біршама заттың жасырын және бағалы қасиеттерін пайда­ланатын технология. На­но­технология – үлкен сала, оны үш бөлікке бөлуге болады: микросұлбаларды жасау, наноөл­шемдегі роботтарды жасау, со­нымен қатар атомдық деңгейдегі инженерия.

Пайдалы қазбаларды өндіру, байыту және өңдеу біздің еліміз­дің  экономикасында жетекші орын алатыны белгілі. Сондықтан жер қойнауын тиімді пайдалану әрқашан біліктілігі жоғары ма­мандарды қажет ететіні сөзсіз. 

Н.СҮЛЕЙМЕНОВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Инжинирингтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: