Дүйсенбі, 07 қазан, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қайырымды жандар марапатталды

25.03.2021

1998 0

Қызылордалық Мейрамкул Жусупова Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйытқы болған Республикалық «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» конкурсының «Туған жер» аталымын иеленді.

Ал 22 жерлесіміз Дариға Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Манзура Абдугафарова, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Әсел Абзал және аға сарапшысы Руслан Орлов бар.

Бұл байқауға өңірден 37 азамат өтінім берсе, 23-і бақ сынау мүмкіндігін алып, осындай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ретте, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ұжымының сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. Марапат төрінен көрінген жерлестеріміз қайырымдылық шараларына шын ниетпен, бар ынта-ықыласымен араласқан, ізгі ниетті, жомарт жүректі, мейірімді жандар.

Мұндай көңілі кең, қолы ашық, бар жақсылық елге болсын деп жабырқағанның жанынан табыла білетін жерлестеріміздің еңбегін үлге ете отырып, зор денсаулық, мол табыс, қажымас қайрат тілейміз! Әр жасаған істеріңіз берекелі болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: