Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қамыс қауіпке айналды

15.07.2023

733 0

Қамыс та қауіпке айналды. Қалың қопаға от  тисе, сөндіру оңай емес. Мамандар өрттің себебін адами фактормен қатар құрғақшылықпен де байланыстырады. Биылғы жаз жауын-шашынға сараң болып тұр. Біраз күн бұрын Атырау маңындағы қалың қамыс отқа оранды. Төтенше жағдайлар министрлігі 850 гектар алқаптың өртеніп кеткенін хабарлады.  Жаз шыққалы қамыс өрті жиіледі. Атырау облысында 900 гектардан астам жер отқа оранды. Қазір мамандар Қорғалжында қызыл жалынмен күресуде. Өткен айда Елорда іргесіндегі Талдыкөлдің маңындағы 80 гектар жанып кетті. Мамандар өрт сөндіруге батпақ, қалың қопа кедергі келтіргенін айтады. Сондықтан, қазір қамысты оруға көптеп көңіл бөлініп отыр. Бүгінде Астана аумағындағы 195 гектар қамыс орылды. Дегенмен, әлі де қауіп төніп тұрған жерлер баршылық.  Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласының Төтенше жағдай департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Бүгінгі таңда қала аумағында қамыс көп шоғырланған жерлерді айтатын болсақ, бұл Майбалық көлінің маңы, Үркер түрғын алабының маңы, Алай базарының маңында қамыс, құрғақ қамыс алқаптары сол жерде көп шоғырланған. Жалпы, орташа есеппен 20 гектарға жуық алқапта бүгінгі таңда қалың қамыс алқабы бар.  Петропавлда 300 гектар аумақтағы қамыс орылады. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 66 млн теңге бөлінді. Жыл басында қаладағы өрт қаупі жоғары аудандар анықталды. Сонымен қатар, облыс орталығына жақын орман алқаптары, саяжайлар мен жер үйлер маңынан минералды жолақтар қазылды. Бұған дейін мамыр айында қаладағы қамыс жанып, 10-нан аса үй күлге айналған-ды. Эльмира Сәдуақасова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: – Биыл бізде бұл жұмыс 3 рет жүргізіледі. Яғни бірінші кезең – ол осы көктем мен жаздың басы болса, екінші кезең – ол жаздың соңы мен күз айлары. Және үшінші кезең қыста. Яғни жер толық қатқаннан кейін тағы қамысты шабу жұмыстары жүргізіледі.  

Қызыл жалынға негізгі себепкер адам. Дегенмен, құрғақшылық та кері әсерін тигізуде. «Қазгидрометтің» ақпаратына сүйенсек, Астанаға мамыр айындағы жауын-шашын нормасының небәрі 2 пайызы, ал, маусымда 60 пайызы ғана түскен. Қала билігі табиғатты қорғау үшін арнайы бағдарлама дайындауда. Мұның ішінде «жасыл белдеуге» кіруге тыйым салу мәселесі де қарастырылған. 

Ақпарат көзі: 24.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: