Жексенбі, 24 қараша, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда екі оқушы қыз суға батып кетті

30.06.2024

578 0

Сурет: pixabay.com

Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданы Қызылжар ауылында мектеп жасындағы екі қыз су батып кетті. Төтеншеліктердің мәліметінше, 9-сынып оқушылары рұқсат етілмеген аймақта суға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Оқиға кеше 29 маусымда Нұра өзенінде болған. Шомылуға үш қыз барған. Олардың бірі суға түспеген. Құрбыларының суға батып жатқанын көрген ол дереу сол маңдағы тұрғындардан көмек сұраған. 

Куәгерлердің айтуынша, бұл өзенде иірімі күшті жылдам ағыс және жағадан төрт метр жерде бірден төмен түсіп кететін жартас болған.  

2011 жылы дүниеге келген оқушының денесін құтқарушылар кеше кешкі сағат 7-лер шамасында судан алып шықты. Ал екінші қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: