Бейсенбі, 16 сәуiр, 22:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Сала қызметкерлері марапатталды

16.04.2026

72 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Коммуналдық сала қызметкерлері уақытпен санаспай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында қажырлы қызмет етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған байыпты бастамаларға зор үлес қосып келеді. Бүгін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бірқатар сала қызметкерлерін қабылдады. Салтанатты кездесуде еңбек адамдары марапат төріне шығарылып, шаһар басшысының «Алғыс хаты» табысталды.

-Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттыру – елдіктің белгісі. Қандай қиын сәттерде де, ауа райының қолайсыз жағдайларында да, апаттық оқиғалар кезінде коммуналдық сала қызметкерлері әрдайым алдыңғы шепте жүреді. Сіздердің жауапкершілік жүгі зор жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін,– деді Арнұр Әлібекұлы.

Өз кезегінде еңбек адамдары көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: