Жұма, 03 мамыр, 08:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қаза тапқандар бар»: Танымал блогер жол апатына түсті

14.11.2023

1389 0

Сурет: EGOV.PRESS

Танымал қазақстандық блогер Саяхатшы Диас Ұзынағаш–Күрті тас жолында болған жол апатынан зардап шекті. Бұл жайлы Алматы облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.https://t.me/egovpress/5510

Жол апатының суреті Egov.press Telegram арнасында жарияланды. Суретте апатқа ұшыраған қара көлікте «Саяхатшы Диас» деген жазу бар екенін көруге болады. «Кей ақпарат көздері атақты блогер Саяхатши Диастың достарымен бірге адам өліміне әкелген апатқа ұшырағанын хабарлайды», – деп жазды басылым. Жазбаға Алматы облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі пікір білдіріп, жол-көлік оқиғасының кеше, 12 қарашада Жамбыл облысындағы Ұзынағаш–Күрті тас жолында болғанын хабарлады. «Mercedes маркалы көлікті басқарған 20 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан Mercedes көлігіндегі 2002 және 2003 жылы туған екі жолаушы алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды», – деп мәлім етті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ -ке блогер Саяхатшы Диастың жол апатынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Айта кетейік, Саяхатшы Диас – TikTok желісіндегі танымал блогер. Оның 30 мыңнан астам оқырманы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: