Бейсенбі, 10 қазан, 09:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қазалының футболшылары жас баланың өмірін құтқарып қалды

23.03.2021

2819 0

Нұр-Сұлтан қаласында футболдан әуесқойлар арасында ел біріншілігіне аттанған Қазалы құрамасы жасөспірім баланың өмірін арашалап қалды. Бұл туралы белгілі журналист Әділбек Жақанов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

– Қазалы командасы бір баланың өмірін аман алып қалды🙌 Осы күндері Елорда төрінде футзалдан әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Ел біріншілігінде бақ сынауға келген қазалылық жігіттер кешкілік ойыннан кейін Алатау спорт кешенінен шығып келе жатып, «құтқарыңдар» деген баланың жан дауысын естиді. Ести сала аренаның дәл жанынан ағатын Есіл өзеніне қарай ышқына жүгіріп барды. Сол жерде ойнап жүрген үш баланың бірі суға батып бара жатқанын көріп, өмір үшін арпалысып жатқан баланы мұздың астынан шығарып алды! Қазалылық жігіттердің ерен ерлігінің арқасында жасөспірім аман қалды, ата-анасы баласымен қауышты! Осылайша Ұлыстың ұлы күні ұлы ерлік жасады деп білемін Балаларымыз аман болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: