Конституция

Сейсенбі, 07 шiлде, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда электр көліктерінің саны бір жарым есе көбейді

07.07.2026

39 0

Фото: shutterstock

Қазақстанда электр қуатымен жүретін экологиялық таза көліктерге сұраныс артып келеді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде 24 634 жеңіл электр көлігі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,6%-ға көп, – деп хабарлайды  kursiv.media

Ең көп электр көлігі Алматы қаласында тіркелген. Қазір мегаполисте 15 280 электр көлігі бар, бұл Қазақстандағы барлық электр көлігінің 62%-ын құрайды.

Көш басындағы өңірлердің үштігіне Астана қаласы (2 885 электр көлігі) мен Алматы облысы (1 589 электр көлігі) кіреді.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде электр көліктері Қазақстанның барлық өңірінде тіркелген. Алайда олардың өңірлердегі саны айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, Абай облысында небәрі 78, ал Ұлытау облысында бар болғаны 41 электр көлігі тіркелген.

Мамандардың пікірінше, бұған негізгі себептердің бірі – көптеген қалада қуаттау станцияларының әлі де аз болуы. Сонымен қатар үйге жеке қуаттау құрылғысын орнату қосымша шығынды талап етеді, ал мұндай шығынға барлық көлік иесі бірдей дайын емес.

Еске салайық, Қазақстанда электр көліктерінің нөмірінің түсі өзгереді. Мемлекет басшысы «цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: