Конституция

Сейсенбі, 07 шiлде, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда көліктердің шекарадан кіруіне шектеу енгізілді

07.07.2026

45 0

Фото: kursiv.medi

Елде жанар-жағармай өнімдерін шекара арқылы заңсыз шығару жағдайлары жиілеп кетті. Қазіргі таңда мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Вице-министрдің айтуынша, қолданыстағы шаралардың бірі – шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қою.

«Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттердің жүк және жеңіл көліктері Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайтын тәртіп орнатылған. Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған көліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр», – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Оның айтуынша, шекаралас аймақтарда отынды заңсыз шығармақ болған құқық бұзушылар жиілеп кеткен.

«Қазір Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз шығарудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар іске асып жатыр», – деп қорытындылады вице-министр.

Бұған дейін Энергетика вице-министрі көрші елдерге заңсыз кеткен бензин көлемін нақты айта алмады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: