Сейсенбі, 19 мамыр, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда локомотив паркі 72 жаңа техникамен толықты

19.05.2026

57 0

Фото: ҚТЖ

Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив паркі 72 бірлік жаңа тарту техникасымен толықты. Wabtec және CRRC компанияларының магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары пайдалануға берілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қазіргі заманғы локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем және Балқаштың локомотив пайдалану деполарына бөлінген.

— Локомотив паркін жаңарту пойыздар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жылжымалы құрамның пайдалану сипаттамаларын жақсартуға және локомотив бригадалары үшін неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік берді. Жаңа локомотивтер заманауи микропроцессорлық басқару жүйелерімен, «Борт» жүйесімен, бейнебақылау құралдарымен, сондай-ақ тасымалдау процесінің сенімділігі мен тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін заманауи радиобайланыс кешендерімен жабдықталған, — делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Пайдалануға берілмес бұрын барлық техника кешенді түрде зертханалық және техникалық сынақтардан өткізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан темір жолы алаңында теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылғанын жаздық. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың, мердігерлік ұйымдардың және компанияның бейіндік бөлімшелерінің өкілдері кірді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: