Дүйсенбі, 18 мамыр, 18:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді

18.05.2026

51 0

Фото: Uztag.info

Әділет министрінің 2026 жылғы 6 мамырдағы бұйрығымен 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімі бекітілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттеріндегі нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін, — делінген құжатта.

Жалпы тізімге Астана қаласынан — 9, Алматыдан — 14, Шымкенттен — 1, Ақтөбе облысынан — 4, Алматы облысынан — 1, Атырау облысынан — 2, Жамбыл облысынан — 5, Павлодар облысынан — 1, Түркістан облысынан — 5, Қызылорда облысынан — 2, Батыс Қазақстан облысынан — 1, Шығыс Қазақстан облысынан — 1 және Ұлытау облысынан — 1 жеке нотариус енгізілген.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адвокаттық және нотариалдық қызметті лицензиялау ережелеріне өзгерістер енгізген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: