Сейсенбі, 19 мамыр, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйым тағы алты айға ұзартылды

19.05.2026

70 0

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын ел аумағынан әкетуге қойылған шектеу тағы алты ай мерзімге ұзартылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бұйрығында айтылған, – деп хабарлайды KAZINFORM

Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігі арқылы еліміздің аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынады.
Сонымен қатар бірқатар жағдайларға қатысты ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда:

— өнімді бөлу туралы келісім немесе жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында өнім өндірген жер қойнауын пайдаланушыларға;

— Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында өндірілген қазақстандық шикізаттан өңделген тауарларды халықаралық шарттар негізінде әкетуге;

— басталуы мен аяқталуы Қазақстаннан тыс жерде жүзеге асатын транзиттік тасымалдарға;

— Үкімет шешімімен көрсетілетін гуманитарлық көмек аясында шығарылатын жүктерге тыйым қолданылмайды.

Аталған бұйрық биыл 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған сыйымдылықтарды жер үстінде орналастыруға тыйым салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: