Құрылтай

Сейсенбі, 07 шiлде, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттайды

07.07.2026

35 0

Фото: Shutterstock

Қаржы министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында темекі бағасын қымбаттатпақ. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, – деп хабарлайды  kursiv.media

Министрлік фильтрлі және фильтрсіз темекілерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа түзетулер дайындады.

Атап айтқанда, жоба фильтрлі және фильтрсіз 20 тал темекіге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілейді.

Түсіндірмеде жазылғандай, темекі бағасы екі түрлі мақсатта көтеріліп жатыр. Біріншісі – салық саясатын реттеу болса, екіншісі – елде шылым шегетіндердің қатарын азайтып, халықтың денсаулығын жақсарту.

Бағаның нақты қанша теңгеге өсетіні хабарланған жоқ.

Құжатты талқылау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Темекі бағасы шамамен әр жарты жыл сайын өсіп тұрады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі және фильтрсіз 20 тал темекіге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңге болып белгіленген еді.

Ал 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында олардың ең төменгі құны 920 теңгені құраған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: