Жексенбі, 05 мамыр, 03:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жұмыртқаның бағасы өсуде

06.01.2024

612 0

Сурет: stan.kz

Қазақстанда жұмыртқа бағасы 17 апта қатарынан қымбаттап келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

DataНub телергам арнасының мәліметінше, соңғы аптада жұмыртқа 0,7 пайызға қымбаттаған. Жұмыртқа мен картоп бағасының көтерілуі негізгі азық-түлік тауарларының қымбаттауының басты қозғаушы күшіне айналды. Жұмыртқа бағасының салыстырмалы түрде жоғары өсу қарқыны қатарынан 17 апта бойы (0,6%-дан астам) жалғасып келеді.

Нәтижесінде қыркүйектен желтоқсанға дейін жұмыртқа бағасының айлық өсу қарқыны биылғы жылдың ең жоғары көрсеткіші болды. Орташа алғанда – 4,5%. Салыстыру үшін 2021 жылы бұл көрсеткіш 2,4% құраған.

Дегенмен, жұмыртқа бағасы үнемі өсіп отыратын өнім екенін ескерген жөн. Оның үстіне, бағаның ерекше қымбаттауы күн суытқан кезде байқалады.

Сонымен қатар картоп бағасы да 0,6%-ға өскен. Картоп бағасы соңғы 24 аптада үшінші рет көтеріліп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: