Дүйсенбі, 25 мамыр, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандық ата-аналар балаларының гаджеттерін қалай бақылайды

25.05.2026

56 0

Фото: Kazinform

Қазақстандық ата-аналардың едәуір бөлігі балаларының гаджеттерін бақылау үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланатынын айтқан, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға жауап бергендердің 43%-ы балалар құрылғыларын бақылауға мүмкіндік беретін түрлі бағдарламаларды қолданатынын мәлімдеген.

Ал респонденттердің 14,8%-ы баланың орналасқан жерін бақылауға арналған арнайы құрылғылар пайдаланатынын көрсеткен.

Сонымен қатар ата-аналардың 10,3%-ы мұндай бақылауды баланың жеке кеңістігіне араласу деп санайтынын айтып, бұл әрекетті құптамайтынын жеткізген.

Тағы 10%-ы балалар гаджеттерін бақылауға уақыт таппайтынын мәлімдеген.

Зерттеу барысында респонденттердің басым бөлігі – 58,9%-ы балалардың экран уақытын бақылауға қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен ата-аналық бақылау мәселесі Қазақстан отбасылары үшін өзекті тақырыптардың біріне айналғанын көрсетеді.

Айта кетейік, Швеция мектептері гаджеттерден гөрі кітапқа басымдық береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: