Жұма, 19 сәуiр, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық балалардың есепшотына ақша қашан және қалай түседі

02.09.2022

1523 0

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 18 жасқа толмаған қазақстандықтардың есепшотына қаражат қалай және қашан түсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз хатшысының айтуынша, бұл ереже 2024 жылы күшіне енеді және 18 жасқа толмаған барлық балалардың атына арнайы шот ашылады.

«Аударымдар кәмелеттік жасқа толғанша жүзеге асырылады. Сондай-ақ есепшот шетел валютасында болатынын да айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жинақтың үстінен пайыз қосылып отырады. Бұл шаралар қаражатты инфляциядан сақтайды», – деп жазды Руслан Желдібай.

Бұған дейін ол Ұлттық банк пен үкіметтің есептеулері бойынша елімізде жылына орта есеппен 400 мың бала дүниеге келетінін ескерсек, жеке шотқа кем дегенде 3 мың доллар жиналатынын айтқан болатын.

Президент өз Жолдауында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аудару туралы бастама көтерді. Жиналған қаражат баспана сатып алуға және білім алуға жұмсалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: